НАБЛЮДЕНИЯ ТРЕНЕРА ПО ШАХМАТАМ

e2e4.kz - ваш первый шаг в "Мир шахмат". Турниры, лекции, игры, обучение.

Мы с радостью ответим на ваши вопросы.
Школа "Мир шахмат"
Записаться
30 Мая 2019


Олжас Менгали, тренер Школы МИР ШАХМАТ, рассказывает на казахском языке о том, как нелегко юным шахматистам, бросившим шахматы летом, потом догнать тех, кто продолжал заниматься.
 Можно совместить летний отдых с шахматными занятиями, тем более что в каникулы не надо тратить время на школьные уроки и задания..

 Құрметті шахмат ойынының жанкүйерлері!
 Жыл сайын қайталанатын жағдай туралы баяндап бергім келеді. Менің байқауымша, оқушыларға арналған жазғы демалыста шәкірттерімнің 40 – 50 % сабаққа келуін уақытша тоқтатады. 9 ай үздіксіз қатысып, белгілі бір белестерді бағындыра бастағанда, жаз айларында осындай келеңсіз жағдайға орын береді.
 Балалар 3 ай демалған соң, бапкерлер қыркүйекте жұмысты қайтадан бастайды. Қазір мектепте оқу оңай емес, балаларға және жасөспірімдерге тапсырмалар кәдімгідей жүк түсіреді, шаршайтындары белгілі жайт.
Алайда, өзің таңдаған салада 3 айдай еңбек етпеу қателік деп пайымдаймын.
Балалар күзде сабаққа қайта келіп, бұрын жеңіп жүрген балалардан ұтылып, көңілдері түсе бастайды, содан шахматқа деген қызығушылық азайып, бастаған істерін аяқтамай тастап кететіндері де кездеседі. Әлемдік, республикалық деңгейдегі маман болу үшін кем дегенде 10 000 сағат талмай табанды еңбек ету қажет.
 Қандай да бір салада, кемеңгер немесе аутсайдер болуды таңдау әр адамның өз еркінде, осыны есте сақтайық.
Записаться
Хочу участвовать!
Вернуться к списку